Қазақстанда 19 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 19 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Рэдиссон отелінде «Қазақстан балаларға қамқор» республикалық конференциясы басталады.

Сағат 09.30-да Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы жайлы талдаудың нәтижелерімен бөліседі.

Сағат 09.30-да Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәдениет және спорт мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Оқушылар сарайында «Өз еліңді танып біл!» республикалық жастар экспедициясының салтанатты ашылуы болады.

Сағат 11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімдер» заң жобасы талқыланады.

Сағат 12.00-де ҚазҰӨУ-да (колледж және мектеп корпусы, Жеңіс 33) СССР Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркеғали Рахмадиевтің есімін беру салтанатты рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азаматтарды қабылдайды.

Сағат 15.30-да Astana Hub мекен-жайы бойынша «Eco Startup» республикалық экологиялық стартап жобалар байқауының жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Ғылым ордасында Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы бойынша халықаралық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де Алматыдағы Intercontinental қонақ үйінде «ХХІ ғасырдағы ирригацияны модернизациялаудың аймақтық бастамалары жолында» семинары өтеді. Оған Орталық Азияның бес елінен 80-нен астам сарапшы қатысады.

Сағат 11.00-де «Қазақстан халық банкі» АҚ басшылығының қатысуымен 2019 жылдың 3-тоқсанындағы қаржылық нәтижелер бойынша баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де ATAKENT аумағында жасанды құстың ұясын салуға арналған алаңдар орнатылатын болады. Іс-шара аясында үш типтегі 50 жасанды ұя орнатылады.

Сағат 14.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында орындардың болмауы, мектептер мен колледждерді күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстарды жандандыру мәселелерін талқылауға арналған брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар
telegram