Қазақстанда 2 600-ден аса бұқаралық ақпарат құралдары ойдағыдай дамып келеді
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2 600-ден аса бұқаралық ақпарат құралдары ойдағыдай дамып келеді. Бұл туралы Астанада, жұма күні өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің газеттер мен жұрналдарымыз 11 тілде жарық көреді, театрларда ағылшын, әзірбайжан, неміс, кәріс, украин, ұйғыр, өзбек, дүнген, татар тілдерін қоса алғанда алты тіл бойынша қойылымдар қойылады.
«Олардың барлығы толықтай мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мұндай тәжірибе әлемнің бір де бір елінде жоқ. Бұл мемлекеттің өз еркімен атқарып отырған жұмысы. Көпұлтты халыққа деген, оның тілі, діні мен мәдени қажеттіліктеріне деген қамқорлық», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Парламенттің 9 депутаты делегациялық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды конституциялық орган болып табылатындығын атап өтті.
«Бұл тілдер мен мәдениетті жандандыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту бойынша атқарылып жатқан үлкен де көпжақты жұмыс. Бұл екі жүзден астам этникалық мектеп, 195 жексенбілік тіл орталығы. Конституцияда бекітілген мемлекеттің зайырлы мінезі - қоғамдағы толеранттылықты нығайту үшін жасалатын маңызды шарт», - деп өз сөзін аяқтады Елбасы.