Қазақстанда 2 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 ақпанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 12.10-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Қазақстанға ресми сапары аясында кездесу өтеді.
Сағат 15.00-де «KAZZHOL ASTANA» қонақ үйінде Орталық Азиядағы менторлар одағы көшбасшылармен кездесу өткізіледі. Шарада жаңа қоғамдық ұйымның тұжырымы мен миссиясы таныстырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де Ақсай 4, 119 үйде («Опера» тұрғын үй кешені) Жансая Әбдімәліктің Шахмат академиясының ашылуы өтеді.