Қазақстанда 2 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 2 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 2 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

Сағат 09.00-де «Электрондық үкімет» порталында (e.gov.kz)  Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен интернет-конференция өтеді.

Сағат 09.00-де «Hilton Garden Inn» отелінде «Қазақстанның әлеуметтік аз қорғалған тобын қорғау: мемлекеттің кепілдендірілген заңгерлік көмек көрсетудің жаңа моделін іздеуі» тақырыбында ұлттық конференция басталады.

Сағат 09.00-де Hilton қонақ үйінде ERG (Еуразиялық Топ) инноваторларының жыл сайынғы III форумы өткізіледі.

Сағат 09.30-да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас» тақырыбында семинар өткізеді.

Сағат 10.00-де Сенатта «Мал ұрлығы мен ол мәселені шешу, алдын алу және ескерту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 10.00-де Индонезияда 6-13 қазан айларында өткен Паралимпиадалық жаттығу орталығында III Азия Пара Ойындары жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі.

Сағат 10.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 10.30-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астана қаласының Байқоңыр ауданында жаңа фронт-кеңсесі ашады.

Сағат 11.00-де «Қытай Қазақстан азаматтарының көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырылады. Көрмені Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен бірлесе өткізеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірге латын графикасындағы жаңа басылым - «Тіл-қазына» республикалық ақпараттық танымдық газетінің тұсаукесерін өткізеді. Салтанатты кешті ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашады. Іс-шараға ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары, танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысады.

Сағат 11.30-да «The Saint Regis» қонақ үйінде ТМД елдерінің Үкімет басшыларының Кеңес отырысы өткізеді.

Сағат 12.00-де қалалық әкімдікте «Astana LRT» ЖШС баспасөз брифинг өткізеді.

Сағат 12.30-да «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында өнертанушы Михаил Казиниктің баспасөз брифингі өткізіледі.

Сағат 15.00-де «MEGA Arena» мұз айдынында жасөспірімдердің «Барыс-2008» xоккей командасы ашық жаттығу сабағын өткізеді.

Сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Астанада қаласының 20 жылдығына орай «Жаңа белес» атты жастарға арналған фестиваль-конкурс өткізіледі.

Сағат 19.30-да Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Сoreyah» корей фьюжн тобының концерті басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де академик Жарбосынов Ұлттық урология орталығында «Репродуктивті денсаулықтың маңызды акпекттері» атты тәртіпаралық форум өткізіледі.

Сағат 09.30-да Б.Шолақ атындағы Спорт сарайында «VisitAlmaty» туристік ақпараттық орталығында Қазақстанның туристік хабының ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінде Батыр «777» Жүкембаев БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді. Ол жерде боксшы тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, келешектегі жоспарымен бөліседі.

Сағат 11.30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының гидрометеорологиялық бақылауының нәтижесі» атты баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 16.00-де «Almaty Menegment Univercity»-де мектеп директорларының орынбасарлары, тәрбиешілер, 8-11 сыныптардың жекетшілері мен психологтарының жалпықалалық кездесуі басталады.

Сағат 18.30-да Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда Алматыдағы ҚХР Бас консулдығы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдығына арнап концерт өткізеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 11.00-де Түркістан қаласындағы «TURKISTAN MEDIA» халықаралық орталығында облыстық білім басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім саласында атқарылған жұмыстар жайында брифинг өткізеді.

АҚТӨБЕ

2 қараша Ақтөбеде Елбасы Жолдауында жарияланғандай 2019 жылы  Жастар жылын өткізуге арналған «Jas barys» алғашқы облыстық форумы өтеді. Форумның мақсаты - жастарға Президент Жолдауының міндеттерін түсіндіру, патриотизмді қалыптастыру, гуманитарлық және рухани дамыту, жас ұрпақтың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. Шараға жастар ұйымдарының белсенділері, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі жастар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, оқушылар, жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сонымен қатар, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысады. Барлығы 1200 адам.

Сағат 9.30-да Шығармашылық академиясында «Табысқа жетудің он құралы» тақырыбына семинар-тренинг, сонымен қатар, түрлі бағыттар бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылады.

Сағат 14.00-де Өнер орталығында жастардың әр түрлі санаттағы беделді спикерлері өздерінің жастар саясатын жүзеге асырудағы жетістіктері мен проблемалары жайында айтып береді. Сондай-ақ, орталықта жастар жұмысының көрмесі мен сән көрсетілімі ұйымдастырылады. Шара түрлі қызмет салаларында табысқа жеткен жастарды марапаттаумен және концерттік бағдарламамен аяқталады.

Сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында Ақтөбе облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Есімхан Құрманғазин мен ҚР МҚІСЖҚКА Ақтөбе облысы департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ақансері Сұлтанбеков кәсіпкерлерді жеке қабылдайды. Бизнес өкілдері Кеңес басшысына түрлі мәселелер бойынша өтінім жасап, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамаларды сақтауы бойынша заңгерлер көмегіне жүгіне алады.

Сағат 15:00-де Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен ХДСШ, КСРО халықтарының Х жазғы Спартакиадасының чемпионы, Әлем және КСРО Кубоктарының иегері Есенкелді Батырғаринді еске алуға арналған 1999-2001 ж.т. жастар арасындағы дәстүрлі республикалық турнир басталады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 14.00-де Көкшетаудағы Сəтпаев көшесі 1-Б ғимаратының мəжіліс залында Ақмола облысының 8-ші азаматтық Форумы өтеді. Алқалы жиынға өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның VIII Азаматтық форумына Ақмола облысынан баратын делегаттар тізімі анықталады.