Қазақстанда 2 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 2 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Қазақстанда 2 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралады. Отырысты PrimeMinister.kz сайты арқылы көруге болады.

10.00-де parlam.kz сайтында онлайн режимде Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Кәсіподақтар федерациясының кезекті съезі өтеді. Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланады және алдағы бес жылға ҚР КФ қызметінің басым бағыттары анықталады. Іс-шара онлайн режимде көрсетіледі.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ҰҒА академигі, профессор Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновті еске алуға арналған көрме онлайн форматта ашылады.

АЛМАТЫ

11.00-де Қазақстан коммунистік халық партиясының Алматы қалалық комитетінде (Жібек жолы көшесі, 50, «Квартал» БО) «ТКШ саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өтеді. Шараға қатысушылар жеке келе алады және интернет арқылы қосылуға мүмкіндік бар. Тақырып бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу күтілуде.