Қазақстанда 2 маусым күні қандай маңызды шаралар өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 2 маусым күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Қазақстанда 2 маусым күні қандай маңызды шаралар өтеді

Астана қаласы

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтеді.

Сағат 13.00-де «Қазақстан» спорт сарайы алаңында Астана қаласындағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинаудың  пилоттық жобасын іске қосуға арналған «Қайта өңдеуге» атты бірінші экологиялық асар өтеді. Шара барысында қатты тұрмыстық қалдықтар қабылданады, ҚТҚ сұрыптап тастау бойынша шеберлік сабақтары өтеді, қайта өңдеуден шыққан өнімдер жұртшылық назарына ұсынылады, балаларға арналған танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Акция аясында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады, эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. 

Сағат 14.00-да Отан қорғаушылар алаңында жалпықазақстандық 2018 жылғы мотомаусымның ашылуы болады.

Алматы қаласы

Сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін ҚБТУ-дан төмен орналасқан тынымбақта «Тәтті Алматы» үлкен отбасылық тамақтану фестивалі өтеді, онда белгілі мейрамханалар алматылықтар мен қала қонақтарына дәмдерін ұсынады.

Сағат 14.00-де Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті аумағында БҰҰ биыл жария еткен Халықаралық велосипед күніне орай «ALMATY BIKE FEST» велосипед фестивалі өтеді.

Ақмола облысы

Сағат 14.00 - 15.00-де Ақмола облысындағы Астана күндері аясында Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» қуыршақ театрының спектаклі (авт. Р.Мұканова) өтеді.