Қазақстанда 2 миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленетін болады - Қ. Қожахметов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда екі миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленетін болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті.

Қазақстанда 2 миллионға жуық салымшының теңгелік депозиттері бойынша өтемақы төленетін болады - Қ. Қожахметов

«Салымшылардан өтінімдер тәртіп бойынша биылғы жылдың бірінші қазанына дейін қабылданады. Бірақ, оған дейін салымшылардың барлығы банктерге келіп үлгермеуі мүмкін. Бұл туралы екінші дәрежелі банктер тарапынан да айтылып жатыр. Сондықтан, біз мерзімді ұзарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныс жолдадық. Өйткені, Қазақстанда теңгелік депозиттеріне өтемақы төленетін салымшылардың саны екі миллионға жуықтайды. Сонымен қатар, депозиттегі ақша банкте бір жылға дейін саталуы тиіс. Сонда банктер тарапынан салымшыларға 10,5 пайыз көлемінде мөлшерлеме төленеді. Ал депозиттерді алу мерзімі 2016 жылдың 30 қыркүйегі болып белгіленді. Бағамдық айырмашылық сол күнгі бағам бойынша есептеледі. Бұл жерде базалық бағам 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам. Ол: 188 теңге 35 тиын» - деді Қ. Қожахметов

Айта кетелік, бұл жерде бір миллион теңгеге дейінгі депозиттерге ғана өтемақы төленеді.