Қазақстанда 20 мыңға жуық сырқат коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандар туралы соңғы мәліметті жариялады.
26 шiлдедегi ақпаратқа сенсек, қазір 19 571 адам коронавирус инфекциясынан (–19 421+ және 150 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 472 пациент стационарда, 18 099 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 33 адамның жағдайы ауыр,
- 12 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 6 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.