Қазақстанда 200-ден астам лифті тексерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердің 200-ден астам жедел сатысының сапасы тексерістен өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан лифтшілер ұлттық қауымдастығы мен «Қазақстан ипотека компаниясы» АҚ-ның басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжатта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылған тұрғын үйлердін жедел сатыларына қызмет көрсету туралы жазылған.

Келісімшарт жасалмас бұрын, екі тарап еліміздің 20 қаласындағы тұрғын үйлердің 200 лифтісін тексерді. Кейбір ақауы бар лифтілер қысқа мерзімде жөнделді.

«Алдағы уақытта лифтіні пайдалануға беретін жұмысты бір жүйе бойынша атқарамыз деп отырмыз. «ҚИК» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қазақстанда 1 млн шаршы метрден астам үйді немесе 326 тұрғын үйді пайдалануға берді. Бұл нысандарда 50 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Біздің басты мақсатымыз - осы тұрғындардың тыныштығы мен жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Біздің осы меморандум еліміздегі лифт қызметінің саласын дамытып, ары қарай арттыруға өз септігін тигізеді», - деді «Қазақстандық ипотека компаниясы» АҚ басшысының орынбасары Айсұлтан Акчурин.

Сонымен қатар, бұл келісімшарт аясында Қазақстан лифтшілер ұлттық қауымдастығының өкілдері жеделсатыларды әрдайым тексерістен өткізіп, сондай-ақ олардың техникалық жағдайын баяндап отырады.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар