Қазақстанда 2009/2010 жылғы оқу жылының басында 148 жоғары оқу орнында 610,3 мың студент оқыды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2009/2010 жылғы оқу жылының басында студенттерінің жалпы саны 610,3 мың болатын 148 жоғары оқу орны жұмыс істеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, аталмыш жоғары оқу орындарының 53-і мемлекеттік, оларда студенттердің 321,7 мыңы немесе 52 пайызы оқуда. Гендерлік тұрғыдан алғанда студенттердің 58,3 пайызы қыз балалар және 41,7 пайызы жасөспірімдер. «131,9 мың адам мемлекеттік білім гранттарының есебінен білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 21,6 пайызын құрайды. Ал 9,9 мың адам (1,6 пайыз) мемлекеттік білім тапсырыстары есебінен білім алуда, 468,4 мың адам (76,8 пайызы) ақылы негізде оқуда», делінген агенттіктің бүгінгі хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, студенттердің 318,7 мыңы немесе 52,2 пайызы күндізгі, 47,4 пайызы сырттай және 0,4 пайызы кешкі оқу бөлімдерінде білім алуда. 303,7 мың студент мемлекеттік тілде оқуда. 2009/2010 жылғы оқу жылының басында республикамыздағы жоғары оқу орындарында 90-нан астам ұлттың өкілдері білім алған. Білім алушылардың үлес салмағы жайлы айтатын болсақ: 74,5 пайызы - қазақтар, 17,7 пайызы - орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар 1-1,4 пайыз шамасында, 4,2 пайызы басқа ұлттар. Қарастырылып отырған оқу жылында 181,6 мың студент оқуға және дайындықа қабылданған. Бұл 2008/2009 жылғы оқу жылымен салыстырғанда 11,3 мыңға немесе 6,7 пайызға көп. Аталмыш оқу жылында 176 мың білікті мамандар оқуларын бітірген. Бітірушілердің 4,8 пайызы жоғары арнайы білім, 95,2 пайызы бакалаврдың академиялық дәрежесін алды. Агенттіктің мәліметінше, республикамыздың жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттердің 25,4 пайызы әлеуметтік білім және ғылым, 24 пайызы педагогикалық, 18 пайызы техникалық ғылым және технология мамандықтары бойынша білім алуда. Жоғары оқу орындарының штатында 39 мың 155 оқытушы тұр, 5 мың 937 оқытушы қоса атқарып жұмыс істейді. Профессорлар-оқытушылар құрамының жалпы санының 7,1 пайызының ғылым докторы, 33,7 пайызының ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, 5,8 пайызының профессор ғылыми атағы бар, 16,7 пайызы доцент.

Соңғы жаңалықтар