12:38, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстанда 2009 жылдың желтоқсанында азық-түлік тауарларының бағасы 3 пайызға өсті
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2009 жылдың желтоқсан айында азық-түлік тауарларының бағасы 3 пайызға өсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, 2009 жылдың желтоқсан айында 2008 жылдың тиісті айымен салыстырғанда нан бағасы -3,2 пайызға, жарма - 5,8, жеміс-жидектер мен көкөністер - 7,9, май - 11,5, ұн - 16,9 ппайызға арзандаған. Ал, қанттың бағасы - 38,7 пайызға, кофе, шай және какао - 24,6, алкогольді сусындар - 11,9, тоқаш және ұн өнімдері - 7,8 , кондитерлік бұйымдар - 6,6 , сүт өнімдері - 2,6, макорон бұйымдары - 2 пайызға қымбаттаған. 2009 жылдың ішінде ет және ет өнімдерінің бағасы 5,5 пайызға ұлғайған. Ал, шошқа еті - 10,6 пайызға, шұжық өнімдері - 6,7 пайызға, жылқы еті - 2,4 пайызға қымбаттаса, құс еті - 1,3 пайызға арзандаған.