Қазақстанда 2009 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 1,8 пайызға ұлғайды

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2009 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 1,8 пайызға ұлғайды,

Қазақстанда 2009 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда баға 1,8 пайызға ұлғайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

«2009 жылдың желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда тау-кен өндіруші өнеркәсіпте баға - 2,9 пайызға, өңдеуші өнеркәсіпте - 0,1, электр энергиясын, газ және су өндіру мен тарату - 0,9 пайызға ұлғайды», делінген Агенттіктің таратқан хабарламасында.

Агенттіктің мәліметінше, өткен айда бензин бағасы 29,6 пайызға, жылыту энергиясы - 4,8, мұнай- 3,7, газ конденсаты - 0,7, табиғи газ - 0,4 пайызға ұлғайса, дизель отынының бағасы - 7,1 пайызға, ал көмір - 0,8 пайызға төмендеген. Ай ішінде мыстың бағасы - 5,5 пайызға, қымбат металдар - 5 пайызға, өңделмеген алюминий - 3,2 пайызға артса, қорғасынның бағасы 14,5 пайызға, мырыш - 8,5 пайызға, сұрыпты қара металдар - 3,3 пайызға, ферроқорытпалар - 0,8 пайызға төмендеген.