Қазақстанда 2010 жылдың мамырында азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылдың мамырымен салыстырғанда 5,2 пайызға қымбаттады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2010 жылдың мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 5,2 пайызға қымбаттады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.

«2010 жылдың мамырында 2009 жылдың тиісті айымен салыстырғанда қанттың бағасы 30 пайызға, шәй және какао - 13,3 пайызға, кондитерлік бұйымдар - 8,5 пайызға, май және тоң май - 6,6 пайызға, сүт өнімдері - 6 пайызға, алкагольді сусындар 5,8 пайызға өсті. Ал ұнның бағасы 16,8 пайызға, жарма - 6,3 пайызға, жеміс-жидектер мен көкөністер - 2,6 пайызға, нан - 2,4 пайызға, макарон өнімдері 0,7 пайызға төмендеді», делінген Агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.

Көрсетілген кезеңде ет және ет өнімдерінің бағасы 9,4 пайызға қымбатаған. Ал, шошқа етінің бағасы 10,7 пайызға, шұжық өнімдері -7,8 пайызға, қой еті - 4,8 пайызға, жылқы еті - 3,7 пайызға, құс еті 3,3 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар