Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті
АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстанда 2010 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті.
Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслхатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік таураларының бағасы - 2,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 0,7 пайызға, ақылы қызмет көрсетулер - 3,5 пайызға өскен. Ал, өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорынлдардың бағалары 2010 жылғы ақпанда 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,1 пайызға артқан.