Қазақстанда 2010 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 9,1 пайызға өсті
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат- 2010 жылғы қарашада азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы қарашамен салыстырғанда 9,1 пайызға өсті
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, ағымдағы жылғы қарашада өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 24,1 пайызға, май және тоң майға - 16,6 пайызға, жемістер мен көкөністерге - 15,8 пайызға, кофе, шай және какаоға - 12,7 пайызға, қантқа - 10 пайызға, сүт өнімдеріне - 9,3 пайызға, кондитерлік өнімдерге - 8,1 пайызға, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,1 пайызға, алкогольді ішімдіктерге - 4,9 пайызға, нанға - 1 пайызға өсті. Ұнның бағасы 6,3 пайызға төмендеді.
«Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 11,9 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 12,2 пайызға, құс етіне - 8,6 пайызға, шұжық өнімдеріне - 8,5 пайызға, шошқа етіне - 7,5 пайызға, жылқы етіне - 5,5 пайызға жоғарылады», - делінген Агенттіктің бүгінгі таратқан хабарламасында.