Қазақстанда 2011 жылы инфляция 7,4 пайызды құрады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - «2011 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4 пайызды құрады», -деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-дегі блогына.
None
None

Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2011 жылы инфляция (2011 жылдың желтоқсанында 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда) 7,4 пайызды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,1 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 5,3 пайызға, ақылы қызмет бағасы - 7,3 пайызға қымбаттады.

Экономикалық даму және сауда министрлігі бұған дейін хабарлағандай, 2011 жылдың қаңтар-қараша айларында инфляция деңгейі 7 пайызды құрады. Атап айтқанда, инфляцияның жылдық көрсеткіші (2011 жылдың қараша айында 2010 жылдың қараша айымен салыстырғанда) 7,8 пайыз деңгейінде болып, жоспарланған 6-8 пайыздың аралығын қамтыды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2008 жылы инфляция алдыңғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 9,5 пайызды, 2009 жылы - 6,2 пайызды, 2010 жылы - 7,8 пайызды, 2011 жылы - 7,4 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар