Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9 пайызға артты

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап

Қазақстанда 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 9 пайызға артты

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы беріліп отырған зейнетақының мөлшеріне байланысты тоғыз пайызға арттырылды.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1676

2012 жылғы 25 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусым­дағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің барлық алушыларына, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, арнаулы және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.