Қазақстанда 2014 жылы қылмыс деңгейі 5,2% төмендеді - ҚР Бас прокуратурасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың ішінде Қазақстанда бұрнағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың деңгейі 5,2% (359 844-тен 341 291-ге дейін) төмендеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті хабарлады.
Төмендеу қылмыстың барлық түрінде болды, соның ішінде аса ауыр қылмыстар 18,2% (2629-ден 2150-ге дейін), ауыр қылмыстар бойынша 17,4% (33 836-ден 27 941-ге дейін), орташа ауыр қылмыстар бойынша 2,8% (279 389-дан 271 592-ге дейін), аса ауыр емес қылмыстар бойынша 10% (43 990-нан 39 608-ге дейін) азайды.
Қылмыстың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру елдегі жасалатын қылмыстардың 72 пайыздан астамын құрайтын ұрлық (1,5%), соның ішінде пәтер ұрлығы (2,9%), бұзақылық (15%), тонау (24%) сияқты қылмыстың негізгі құрылымын төмендетуге мүмкіндік берді.
Алкогольдік және есірткі әсерінен мас болу жағдайында жасалатын қылмыс 4,3%-ға, кәмелетке толмағандар қылмысы 16,9%-ға, көше қылмысы 10,5%-ға, рецидивтік қылмыс 7,2%-ға төмендеді. Әлемде нақты қылмыстық ахуалды бағалайтын индикаторлар да төмендегені байқалады.
Мәселен, кісі өлтіру 19,3%-ға, қарашылық 29,7%-ға, бопсалау19,2%-ға төмендеген.