Қазақстанда 2016-2017 жылдарда баспана құрылысы көлемінің төмендеуі ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының мүшелері 2016-2017 жылдарда баспана құрылысы көлемінің төмендеуін болжап отыр.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталған қауымдастықтың атқарушы директоры Аслан Түкиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, бұған жаңа жобалардың болмауы ықпал етеді.
«Құрылысшылар жаңа жобаларды бастамай отыр. Осындай жағдайда жаңа жобаны бастау тәуекел шаралар болуда. Нарықтағы ауытқуларды көре отырып, әрине, ешкімді бастамайды. Сондықтан да көлемдер бойынша баспананы пайдалануға беруде төмендеу болатыны анық. Біз біртіндеп жылына 7 млн. шаршы метрге, ал кейін 6 млн. шаршы метрге өтеміз»,-деп түйді қауымдастық басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Құрылыс салушылар қауымдастығының мүшелері салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяғына дейін жеткізетіндеріне уәде берген болатын.