Қазақстанда 2016 жылы трансұлттық компаниялар 5 инвестжобаны жүзеге асырмақ

«Сіздер білесіздер, біздің елде 30 жоба іске асты. Тағы 20 жоба бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Қазақстанда 2016 жылы трансұлттық компаниялардың қатысуымен 5 инвестжоба жүзеге асырылады деп жоспарланған», - деп атап өтті ол.
Оның сөзі бойынша, қабылданған шаралардың аясында елімізде кемінде 8 өндіріс ашылады.
«Біз маңыз беріп отырған бағыттардың бірі - қайта инвестициялау. Талдау көрсетіп отырғанындай, біздің елге тартылған инвестициялардың 60 пайызы елде бұрыннан істеп келе жатқан инвесторлардан келіп отыр. Біздің қарауымызда 40 осындай бастама бар. 2015 жылы олардың 6 жобасы жүзеге асты. Ол жаңа өндірістер ашқан Danone, Lotte Group, BTM, Galaksi, Coca-Cola сынды компаниялар. Біздің жоспарымызша, 2016 жылы кемінде 8 осындай жоба ашылуы тиіс»,- деп атап өтті комитет басшысы.