Қазақстанда 2020 жылға дейін 30 мың шақырым жол жөнделеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылға дейін 30 мың шақырым автожол жөндеуден өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Бірнеше апта бұрын Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытудың алғашқы кешенді жоспары», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға қарай Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 2 есеге, 2050 жылға қарай 10 есеге артпақ. Сонымен қатар А.Жұмағалиев «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі мен орталықтан өңірлерге бағытталған үш жобаның құрылысы басымдыққа ие болып қалатынын атап өтті.