Қазақстанда 2020 жылы 6 мыңнан астам шақырым жол ақылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2020 жылға қарай 6 мыңнан астам шақырым көлiк жолы ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттiгiнiң ресми сауалына берген жауабында ҚР Инвестиция және даму министрлiгi хабарлады.
None
None

«Қазiргi уақытта республикалық автомобиль жолдарын күтiп ұстауға қажеттi қаражат жеткiлiктi деңгейде бөлiнiп отырған жоқ (қаржыландыру нормативтерiнiң тек 40 пайызы). I және II техникалық санаттағы сапалы жолдарды күтуге қажеттi қаражат жетiспеушiлiгiн азайту мақсатында республикада ақылы жолдар жүйесi кезең-кезеңiмен енгiзiлуде. Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған көлiктiк инфрақұрылым жүйесiн дамыту және ықпалдастыру мемлекеттiк бағдарламасы аясында 6 186 шықырым республикалық жолдарға ақылы жүйенi енгiзу жоспарлануда», - деп жазады министрлiк.

Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн 2013 жылы құрылған және осы салада ұлттық оператор болып табылатын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жолдарға ақылы жүйенi енгiзу құзырына ие болады.

«Осыдан соң, ұлттық оператор инвесторларды тартып, ақылы жүйенiң есебiнен олардың алдындағы борышты өтейтiн болады. Сонымен қатар III техникалық саттағы республикалық жолдарда жүк көлiктерiне ақылы жүйе енгiзiледi деп күтiлуде. Тәжiрибе көрсеткенiндей, ең негiзгi пайда көзi дәл осы көлiк түрлерiнен түседi», - делiнген «ҚазАқпарат» агенттiгiне берiлген хабарламада.

Алдағы 5 жылда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында министрлiк алдына республикалық жолдар құрылысы саласында үлкен мiндеттер қойылған. Ұлттық оператор осыған орай мемлекеттiк емес қарыздар арқылы қосымша қаражаттар тартады.

«Жоғарыда айтылған барлық шаралар «Нұрлы жол» бағдарламасындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Жаңадан салынған жолдардың барлығы 2020 жылы ақылы жүйеден түскен қаражат есебiнен күтiлетiн болады деп жоспарлануда», - деп жазады ведомство.

Айта кетейiк, Елбасы өзiнiң 100 қадам Ұлт жоспары реформаларында жол-көлiк инфрақұрылымдардың құрылысына шетелдiк серiктестердi тартуды жүктеген болатын.

Соңғы жаңалықтар