19:14, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстанда 2023 жылға дейін экономикалық белсенді халықтың елеулі өсімі болмайды - Т. Дүйсенова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2023 жылға дейін экономикалық белсенді халықтың елеулі өсімі болмайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде еңбек нарығына 90- шы жылдары туған жастар келуде. Сол кезеңде туу көрсеткіші еліміз бойынша төмендеген болатын.
«2013-тен бастап 2023 жыл аралығында бізде экономикалық белсенді халықтың елеулі өсімі болмайды. Егер де 2011-2012 жылдар кезеңінде бізде жыл сайын 18 жасқа толған 200 мың жаңа еңбек ресурстары болса, ал биыл тек 70 мың ғана»,-деді Т. Дүйсенова.
Министр осы кезеңде еңбек нарығында жаңа жұмыс күшінің толқынына байланысты елеулі әсер болмайтындығын атап өтті.
«Бұл бағыттағы саясат жұмыс күштерінің сапасын арттыру мен жұмыс орындарын сақтап қалуға негізделеді»,-деді Т. Дүйсенова.