Қазақстанда 2040 жылға қарай су тапшылығы артуы мүмкін

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Егер су ресурстарын пайдаланудың және басқарудың тиімділігі көтерілмейтін болса, онда 2040 жылдарға қарай су тапшылығы арта түседі.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2050 жылға дейінгі стратегия бойынша 2020 жылға қарай халықты, ал 2030 жылға қарай ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсаттары межеленген. Яғни, 2050 жылға қарай су ресурстарына байланысты елімізде түйткілді мәселе болмауы тиіс. Осыған орай, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуде.

«Жалпы, күтіліп отырған суды тұтынудың арта түсу үрдісі және су ресурстарымен қамтамасыз етудің төмендеуі тапшылықтың өсу қаупі бар деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ал мұндай проблемаға Қазақстандағы сегіс су бассейінің алтауы 2020 жылға қарай ұшырауы мүмкін. Егер су ресурстарын пайдаланудың және басқарудың тиімділігі артпайтын болса, онда 2040 жылға қарай су тапшылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде халықты сумен қамтамасыз етуге, экологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін», дейді Н. Қаппаров.

Оның сөзіне қарағанда, барлық тұтынушылар бойынша суды үлесті тұтынуды төмендету және тиімді пайдалану бойынша жоспарланған шаралар жүзеге асса, онда жылына 15 миллиард теңгені құрайтын суды үнемдеуге қол жетпек.

Соңғы жаңалықтар