10:12, 19 Тамыз 2022 | GMT +5
Қазақстанда 21 514 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 21 514 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссияның дерегіне қарағанда, олардың ішінде 918 пациент стационарда, 20 596 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 37 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.