Қазақстанда 21 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 21 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің заманауи мәселелері» атты семинар өтеді.
Сағат 10.00-де «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігінің екінші күні өтеді. Турнирге әлемнің 28 елінен 300-ге тарта балуан қатысып жатыр (ерлер мен қыздар). Турнир толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өткізіліп жатыр. Жарысты ұйымдастырушылар – Біріккен Күрес Әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы. Әлем чемпионатына демеуші – «Eurasian Resources Group» (ERG).
АЛМАТЫ
Сағат 17.00-де «Kinoplexx Sary Arka» кинотеатрында «Жақсылық» көркем фильмінің тұсауы кесіледі. Картинаның режиссері әрі сценариінің авторы – Бақыт Қайырбеков. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Фильмнің тұсаукесеріне картинаның шығармашылық тобы және Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың өзі қатысады.