Қазақстанда 22,2 мың адам коронавирустан емделіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 22,2 мың адам коронавирустан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 22,2 мың адам коронавирустан емделіп жүр

«17 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 295 адам короновирус инфекциясынан (13 846 КВИ+ және 8 449 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 927 пациент стационарда, 17 368 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр», делінген хабарламада .
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
249 адамның жағдайы ауыр;
45 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.