Қазақстанда 22 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы
Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының «Жасыл белдеуінде» «Орманды дала өрттерін сөндіру» тақырыбында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтеді.
Сағат 10.00-де №54 мектеп лицейде жас жол инспекторларының қалалық слеті болады.
Сағат 11.00-де «Үкімет үйінде» «Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары мен бизнес-ортаны дамыту» тақырыбында баспасөз-мәслихат өтеді.
Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында қалалық білім басқармасының басшысы А.Жанғозиннің қатысуымен «Мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру» тақырыбында брифинг ұйымдастырылады.
Сағат 11.00-де «Көрме» залында «AstanaBuild 2019» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 11.00-де Сәкен Сейфуллин мұражайында С. Сейфуллиннің 125 жыл мерейтойына орай «Сәкен тағылымы және қазіргі заман» атты дөңгелек үстел өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Rixos Almaty» қонақүйінде «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы саясат пен интернационализм практикасы» атты аймақтық форум өтеді.
Сағат 10.00-де The Ritz-Carlton қонақүйінде XVI Еуразия Медиа Форумы өтеді.
Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінде «Жасампаз елдiң жастары» атты журналистер мен блогерлердің арасында өтетін конкурсқа арналған баспасөз-мәслихаты болады.
Сағат 11.00-де «Астана» қонақ үйінде Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің жиыны ұйымдастырылады.
Сағат 12.00-де ресейлік бірінші арнаның «Звёзды под гипнозом» жүргізушісі, гипнолог Иса Багировпен баспасөз-мәслихат ұйымдастырылады.
ШЫМКЕНТ
Сағат 10.40-та Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалық етуімен «Қоғамдық келісім формуласы: бірлік пен жаңғыруға» тақырыбында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының I сессиясы өтеді.