Қазақстанда 22 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта 22 124 адам короновирус инфекциясынан (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Десаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Емделіп жатқандардың арасында 6 731 пациент стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 307 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.