15:31, 18 Қараша 2021 | GMT +6
Қазақстанда 23 бағыттағы авиарейстер субсидияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ішкі бағытта орындалатын 23 әуе рейсі субсидияланады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда:
- Түркістан қаласынан 11 бағытта;
- Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
- Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билет құны 8 - 25 мың теңге аралығында тұрады. Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.