Қазақстанда 23 мың адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 11 қаңтардағы ақпарат бойынша 23 498 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 23 мың адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 272 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.