Қазақстанда 23 мың адамның ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 23 мың адамның 137,7 млрд теңге сомасындағы  ипотекалық қарызы қайта қаржыландырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәлім етілгендей, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.  Бұл қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстанның Ұлттық банкі 130 млрд теңге бөлген.  

«2018 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, банктер бағдарлама шеңберінде құны 158,3  млрд теңге болатын  25 556 қарызды мақұлдап,  137,7 млрд теңгенің 23 673 қарызын қайта қаржыландырды. Жалпы алғанда құны 236,4 млрд теңге болатын 31 604 өтінім қабылданды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бағдарламаның екінші бөлігі доллармен несие алған тұтынушыларды қолдауға бағытталған.  Ол ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамымен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған ипотекалық қарыздарды  теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

«2018 жылғы 10 желтоқсандағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін  құны 40,1 млрд теңге болатын 5 131 өтінімді мақұлдап,  27,8 млрд теңгенің 3 845 қарызын қайта қаржыландырды. Барлығы 64,5 млрд теңгенің 6 233 өтінімі қабылданды. Банктердің валюталық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау мерзімі шектеулі. Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет», - деп атап өтті банктен.

Соңғы жаңалықтар