Қазақстанда 23 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы басталады. Отырыста Мемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмаларын атқару мәселелері талқыланады.
9.00-де «ТЕНГРИ» қонақ үйінде «JasA!» жобасы аясында жастарды өз бастамаларын жүзеге асыруға бағыт-бағдар көрсететін жастар ісі жөніндегі қызметкерлерді оқыту семинар-тренингі басталады.
15.00-де «Атамекен» ҰКП ғимаратында Қазақстан бизнес-тренерлері ұлттық қауымдастығының құрылтайы өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Хатшылығының уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кеңейтілген отырысы және отандық өндірушілер мен крафт-өнімдердің көрмесі өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де Қазақстанның халықаралық адам құқықтары бюросының баспасөз орталығында «Жасыл құтқару» экологиялық қауымдастығы Алматы ұлттық парктерінің экологиялық жағдайы туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.
11.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музеінде «19-21 ғасырдағы Қытай сурет өнері және графикасы» көрмесі бойынша баспасөз туры өтеді.