Қазақстанда 24 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
Сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша аймақтық филиалының және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі.
Сағат 12.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының 2018 жылғы жұмыс қорытындысы мен даму жоспарына арналған баспасөз малихаты өтеді.
Сағат 14.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің медицина саласындағы инновациялық технологияларды енгізу аясында атқарылып жатқан жұмыстарға арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежановтың төрағалығымен «Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Тең IT-мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері» пилоттық жобасының басталуына орай баспасөз маслихаты өткізіледі.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де «Алматы - бірегейлік және туристік бренд» тақырыбында VII «Біз - Алматы» жобасының форумы өтеді. Өткізілу орны: Туристік хаб Алматыға келеді.
Сағат 16.00-де Достық үйінде Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик, Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті Сәтпаев Қаныш Имантайұлының көрнекті пікірлесі, геолог Борокаев Рамазан Асланбекұлының 120 жылдығына арналған іс-шара өтеді.
Сағат 17.00-де KASE баспасөз залындағы KASE сұхбаттары бойынша дәріс оқуға ТМД-дағы жетекші мемлекеттік инвестициялық компаниялардың негізін қалаушы және меншік иесі, Freedom Liberty брендімен жұмыс істейтін табысты кәсіпкер және қаржыгер Тимур Турлов қатысады.
ШЫМКЕНТ
Сағат 15.00-де Шымкент қаласы, №80 мектеп лицейінде «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен кездеседі. Кездесуде қонақтар «Жас сарбаз» мамандандырылған әскери сыныбының тыныс-тіршілігімен танысып, оларды қызықтыратын сауалдарға жауап береді. Шараның мақсаты мектеп оқушылары арасында әскери-патриоттық тәрбиені ынғайту болып отыр.
ТҮРКІСТАН
Сағат 11:30-да Turkistan media орталығында Түркістан облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылы жүзеге асар жобалармен таныстырады. Спикер: басқарма басшысының орынбасары Дүйсебеков Бақтыбай Елікұлы.