Қазақстанда 24 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 24 тамызда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
АСТАНА
Сағат 09:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты республикалық семинар-тренингі өтеді.
Сағат 10:00-де «Экополигон Астана» ЖШС аумағындағы Аймақтық инспекцияның ғимаратында «Алаш» базарынан тәркіленген «қауынды шыбын» жұққан қарбыздардың партиясын жою шарасы өткізіледі.
Сағат 10:00-де The Ritz Carlton Astana (Ballroom) қонақ үйінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ-ның ұйымдастыруымен ірі іскерлік шара «Субконтракттар биржасы - ІІ Форумы» басталады.
Сағат 15:00-де The St Regis қонақ үйінде Қазақстандағы іскерлік туризм әлеуетінің тұсаукесері мен воркшоп (оқыту семинары) өткізіледі.
АЛМАТЫ
Сағат 10:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған жыл сайынғы дөңгелек үстел өткізіледі.
Сағат 10:00-де «Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жұлдыздардың бір күні» шарасы басталады. Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола облысы мен Алматы облысындағы ХҚО-ларда халыққа қызметті бір күн бойы қоғам қайраткерлері мен шоу-бизнестің жұлдыздары көрсетеді.
Сағат 11:00-де Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева, мәжілісмендер Гүлнар Иксанова, Серік Сейдуманов пен Светлана Бычкова Алматыдағы Белсенді ұзақ жас орталығына барады.
Сағат 11:30-де Алматы қаласының аймақтық коммуникациялық қызметінде «Қазақстан Республикасының жер кодексінің өзгерістерінен кейінгі тапсырмалар аясындағы жұмыс, осы жылғы Алматыда жерді пайдалану және күзету жұмысын жүргізу жоспары» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.
Сағат 12:00-де Қазақстан Баспасөз-клубында қазақстандық қоғам өкілдерінің ҚХР-ға жасаған сапарының қорытындысы аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 12:30-да «Ғылым мен өнер коды» монументальды сәулет республикалық байқауының аяқталуына байланысты Cultural Dialogue» қоғамдық қоры мен SANTO компаниясы мүсіндердің макеті мен эскиздері көрмесіне шақырады. Сонымен бірге, дәл сол күні байқаудың ақтық сайысына шыққандардың жұмысын бағалау үшін төрешілердің ақтық отырысы өткізіледі.
Сағат 18:00-де П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ғимаратында - ЮНЕСКО клубында «ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық ІІІ Академиясы» гала-концертінің қорытындысы өткізіледі.
Сағат 18:00-де «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы аясында экспедициялық топтың «Жоңғар Алатауының» үшінші бағдары бойынша сапарын аяқтау құрметіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
КӨКШЕТАУ
Сағат 11:00-де Ақмола облыстық соты мен Көкшетау қаласының мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының «Бірлік» шағын ауданының Новоселов көшесінің - Бапан би болып ауыстырылғанына байланысты салтанатты іс-шара өткізіледі. Шараның ұйымдастырылатын орыны: Көкшетау қаласы Бірлік шағын ауданының Бапан би көшесі (Дружба көшесі мен бұрыңғы Новоселов көшелерінің қилысы).