Қазақстанда 25,3 мың адам короновирустан емделіп жүр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясынан емделгендерге қатысты 17 желтоқсандағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 316 адам короновирус инфекциясынан (13 393 КВИ+ және 11 923 КВИ-) емделіп жүр, олардың ішінде 4 238 пациент стационарда, 21 078 науқас амбулаторияда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 239 адамның жағдайы ауыр;
• 39 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.