Қазақстанда 25 қарашада өтетін маңызды шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 25 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 14.00-де «Мейірімді жүрек» акциясы аясында Chili Grill (Желтоқсан көшесі, 2) барында қала зейнеткерлеріне арналған қайырымдылық түстігі өтеді.

Сағат 15.00-де «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты республикалық акция бастау алады.

ҚЫЗЫЛОРДА

25 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш кентінде ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің соңғы күні өтеді. Дәстүрлі сайыс 24 қараша күні сағат 10.00-де басталған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум