Қазақстанда 26 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 26 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 26 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Отырыста «Электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері және еңбек қатынастарын реттеу шаралары қаралады.

10.00-де М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетінде мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Діни экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі әдістерді жетілдіру» атты біліктілікті арттыру семинары өтеді.

1.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және ел мұраты: тұрақтылық, жасампаздық, сабақтастық» тақырыбында конференция өтеді.

11.00-де «Дара» қоры Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен бірлесіп, «Қазақстандағы инклюзивті білімді дамытуға жағдай жасау: Нұр-Сұлтан қаласы үш мектебінің ресурстық орталықтарын талдау» атты зерттеу нәтижесін ұсынып, дөңгелек үстел өткізеді.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысының 2019 жылының 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Пікірсайыс Федерациясының» ресми ашылуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Елбасы кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндік аясында кино апталығы басталады.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Тұңғыш Президент күніне орай «Үздік кітапханашы» қалалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

17.00-де ҚР Ұлттық музейінде Елбасы кітапханасының жинағынан жасалған «Елбасы және мәдениет» көрмесі ашылады.

18.00-де Жастар театрында Ерекше актерлер театры #Мы с тобой одной крови әлеуметтік драмасын көрермендер назарына ұсынады.

АЛМАТЫ

10.00-де Достық үйінде «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі заманауи әлемнің феномені ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында халықты емханаларға тіркеу науқанының нәтижелері туралы брифинг өтеді.

11.00-де «Қазақстан» қонақүйінде «Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Ержан Максимнің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де «Қазақстан» қонақүйінде «Қазақстандықтардың тұтынуы: оптимистік статистика немесе кедейлік сигналдары?» тақырыбында сараптамалық талқылау өтеді.