Қазақстанда 26 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елордада 26 қыркүйек күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Қазақстанда 26 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

09.00-де қаланың Мемлекеттік мұрағатында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағат күндері басталады.

09.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік келісім мен ұлттық бірлік саясатын жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттары» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

10.00-де Конгресс-орталықта KAZAKHSTAN ENERGY WEEK пленарлық отырысы аясында «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық өсім» сессиясы өтеді.

10.00-де Марриотт қонақ үйінде ЕҚДБ Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Бруно Балванер алғашқы брифинг өткізеді.

10.00-де Afisha мейрамханасында Beeline & Visa мобильді төлем қызметінің жаңа жобалары таныстырылады.

10.00-де Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «WIR SIND ZUSAMMEN-2019» X Республикалық неміс мәдениеті фестивалінің ашылуы болады.

10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Әлемдік интеграциялық процестердегі тенденциялар: проблемалар мен мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.

11.00-де Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі өтеді.

11.00-де «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтеді. Онда елорданы алдағы уақытта газдандырудың өзекті мәселелері - газ мамандарының болуы, тиісті инфрақұрылым құру және т.б. мәселелер талқыланады.

12.00-де Конгресс-орталықта KAZAKHSTAN ENERGY WEEK аясында Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де Сенатта «Цифрландыру және оңтайландыру арқылы бюджеттік процесті басқарудың тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында әйгілі жазушы, публицист, Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айтбай Сәулебектің «Жаздым тербеп елім мен Елбасымды» деп аталатын шығармашылық кеші өтеді.

19.00-де Оқушылар сарайында «Этникалық полифония» этномәдени бірлестіктерінің есеп беру концерті аясында елордалық қоғамдық бірлестіктердің шығармашылық кеші өтеді: 19.00-де Назарбаев Университетінің Инновациялық кластерінің бастаушыларымен журналистердің сараптамалық отырысы басталады.

АЛМАТЫ

12.00-де «ATAKENT» көрме-конвенция орталығы» саябақ аймағында Олжас Сүлейменов аллеясының салтанатты ашылуы болады.

16.00-де Каспий университетінде Тұңғыш Президент Қорынан еліміздің үздік студенттеріне стипендия тапсыру рәсімі өтеді.

16.00-де Республика сарайында «Томирис» фильмінің түсірілім тобының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.