Қазақстанда 26 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат»ә Халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 26 тамызда өтетін маңызды шаралар легі жайлы шолуды ұсынады.

 Қазақстанда 26 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

Сағат 10:00-де «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты басталады.

Сағат 11:00-де Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы Орталық стадионда Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған спартакиада өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында ҚР Конституция күніне арналған кезекті велошеру ұйымдастырылады. Бұл жолы бағдардың ұзақтығы 8 шақырымды құрамақ. Велошеруге ниет білдіргендер «Нұрлы Тау» бизнес-орталығының аумағынан сапарды бастап, Тұңғыш Президент бағында шеруді аяқтамақ.

Сағат 18:00-де Esentai Gallery көрме залында Денис Теннің құрметіне арналған D10 WORLD ашылады. Көрменің ашылуына «Денис Тен Қоры» мен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының достары мұрындық болып отыр.