Қазақстанда 27 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
Сағат 08.15-те «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағындағы Электровоз құрастыру зауытына баспасөз туры ұйымдастырылады. Баспасөз сапары аясында Әзәрбайжан Республикасына экспорттау үшін елімізде құрастырылған тұңғыш электровоздың тұсаукесері өтеді.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болады.
Сағат 10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан мен Жапонияның жеке секторы мен үкіметаралық бірлескен комиссиясының 7-ші отырысының аясында екі елдің ресми өкілдерінің қатысуымен қазақстандық-жапондық бизнес-форум өтеді.
Сағат 10.00-де қалалық мәслихатта жолаушылар автобустарында тарифтерді өзгерту бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді.
Дәл осы уақытта ІІМ «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мен «Сақшы- На страже» газетінің 85 жылдығы құрметіне шара өткізеді. Шараға Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қатысатыны жоспарланған.
Сағат 10.30-да Үкімет үйінде «ҚР Президенті Жолдауының жетінші бағытын жүзеге асыру аясында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығының жұмысы туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.
Сағат 10.40-та Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де «Астаналық» базарда елорда әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсету бойынша іс-шара ұйымдастырады.
Сағат 12.15-те «Ritz Carlton» қонақ үйінде Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) баспасөз мәслихаты басталады.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халық алдында есептік кездесуі бойынша қорытынды баспасөз мәслихаты басталады.
Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде («Рухани жаңғыру» залы) Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мұражайларының көрмесінің ашылуы өтеді.
15.00-де Еуразиялық интеграция институты елорданың 20 жылдығына арналған «Ұлы астаналар - ақылды қалалар» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің халық алдындағы есептік кездесуі бойынша қорытынды баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Астананың 20 жылдығына арналған «Болашақ келбеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен бірлесіп ұйымдастырылмақ.
Сағат 17.30-да «Нұр Отан» партиясы жыл сайынғы журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар-2018» Републикалық байқауы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттайды.
Сағат 19.00-де Шота Руставели атындағы Грузин мемлекеттік академиялық театры Бейбітшілік және Келісім сарайында «Заңдастырылған заңсыздық» (Узаконенное беззаконие) атты қойылымды көрсетеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің кеңейтілген отырысы басталады. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, қалалық білім басқармасы, ЖОО мен колледжердің басшылары қатысады.
Сағат 12.00-де «БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ зейнетақы қызметінің қолжетімділігі мен сапасына арналған ақпараттық технологиялар», «БЖЗҚ-ның 2018 жылдың 1 маусымы бойынша негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу» тақырыбында бирифнг өткізеді.
АТЫРАУ
Сағат 10.00-де Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы мен қалалық «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Халықаралық балықшылар күніне орай жас балықшылар арасында сайыс өтеді.
Сағат 15.00-де облыстық әкімдіктің екінші қабатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауованың төрағалығымен тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтеді.
ҚОСТАНАЙ
Сағат 09:00-де облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар басталады.
Сағат 14:30-да Л.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Мемлекеттік ақпараттық саясатты және БАҚ ақпараттық контентін іске асыру тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар өтеді.
ТАЛДЫҚОРҒАН
Сағат 17.30-да «Жастар» саябағында облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтеді. Жиында үздік журналистер марапатталады.
ОРАЛ
Сағат 11.00-де Х.Бөкеев атындағы облыстық қазақ драма театрында «Жалындаған Жайық-жыр» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Оған еліміз өңірлерінен келген ақындар қатысып, бақ сынайды.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 11.00-де Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында облыстық филармонияның маусымдық жабылу концерті болады.
Сағат 11.00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.