Қазақстанда 27 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 27 шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

Қазақстанда 27 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы өтеді. Экологиялық акция аясында әуежайдан Қарағанды трассасына қарай Есіл және Қарасу өзендерінің жағалаулары тазартылады.

12.00-де «Астана» концерт залы маңында «Возьми меня домой» атты иесіз ит пен мысықтардың жәрмеңкесі өтеді.

АЛМАТЫ

8.00-де Көк Жайлау үстірті аумағында #TazaAlmaty экологиялық акциясы өтеді. Акция қатысушылары 5 шақырым жаяу көтеріледі және үстіртті қоқыстан тазартады. Жиналу орны: ҚР Тұңғыш Президент паркі.

10.00-де Оқушылар сарайында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

19.00-де «La La Ley» әлеуметтік барында Денис Тенді еске алу кеші өтеді және өмірден ерте озған спортшыларға арналған «End» әні мен бейнебаяны таныстырылады.