Қазақстанда 27 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де «Парасат» бизнес-орталығында Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің отырысы өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қайырымдылық керуені» ІІ республикалық конкурсының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 15.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде 2020-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам, 2020-2022 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы, педагогтар мәртебесі жайлы мәселе талқыланады.
ӨСКЕМЕН
Сағат 10.00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 5-ші корпусында облыс әкімінің қатысуымен «KELESHEKKE – KEMEL BILIMMEN!» атты тамыз конференциясы өтеді. Оның барысында бірқатар ұстаздарға пәтер кілттері табыс етіліп, үздіктері марапатталады. Конференция аясында арнайы Start-up жобалар мен мехатроника бағытындағы көрмелері ұйымдастырылады.