Қазақстанда 27 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 27 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2019 жылы Мемлекет басшысының негізгі бастамаларының іске асуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

10.30-да Есеп комитетінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі кезекті отырыс өтеді.

10.30-да «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері «Арман ағашы» қайырымдылық акциясын аяқтап, ерекше қажеттіліктері бар 117 балаға сыйлық табыс етеді.

11.40-та Қазмедиа орталығында «Қарағанды облысына МӘМС енгізу пилоттық жобасының қорытындысы» атты дөңгелек үстел өтеді.

15.00-де ҚР Парламенті Сенатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін және басқа да субъектілерді субсидиялау шаралары туралы кездесу өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі №502 ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2020 жылдың 3, 4 және 5 қаңтарында өтетін «Мұзды өлке II» отбасылық жаңажылдық шоуға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар