Қазақстанда 28 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде бейсенбі - 28 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
9.00-де ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында - KazSat сериялы ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешені және байланыс құралдарын мониторингілеу кешенінде баспасөз туры өтеді.
10.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП Біліктілік орталығында «Qazaqstan Organic Producer Union» органикалық өнім өндірушілері одағының сарапшылары семинар өткізеді.
10.30-да «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде Халықаралық сирек кездесетін аурулар күніне орай Қазақстандағы сирек кездесетін аурулардың диагностикасына және емделуге қатысты көкейкесті мәселелерге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып «Тамыры терең туған жер» көрмесін өткізеді.
12.00-де Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығымен белгіленген Алғыс айту күні аясында «Қазақ еліне мың алғыс!» монументіне (Түркістан көшесі) гүл шоғын қою рәсімі өткізіледі.
15.00-де «Үкімет үйінде» «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау туралы Үкімет отырысы өтеді.
15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстанның машина жасаушылар одағы мен Қазақ агротехникалық университеті машина жасау саласындағы техникалық мамандықтарға білікті кадрларды даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.
15.00-де Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ғылым, мәдениет және өнер саласындағы байқауының жеңімпаздары марапатталады.
15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Алғыс күніне арналған «Тағдыр тоғыстырған» атты құжаттық көрме өткізіледі.
15.00-те Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода брифинг өтеді.
16.00-де Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрінің қатысуымен 2018 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.
АЛМАТЫ
10.00-де Оқушылар сарайында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларының Республикалық Кеңесі кеңейтілген отырыс өткізеді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары - С.Айтпаева (Бала құқықтары жөніндегі уәкіл), Н.Әлтаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, жетім балалар мен балалар үйлерінің түлектеріне арналған ұйымдардың жетекшілері қатысады.
10.00-де Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілермен электронды сауда мәселелері бойынша семинар өткізеді.
12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Невада-Семей халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс президенті, халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменовтің және антиядролық қозғалыс ардагерлерінің қатысуымен Невада-Семей қозғалысының 30-жылдығына арналған шара өтеді.
17.00-де «Сұңқар» халықаралық шаңғы кешенінің баспасөз орталығында ерлер мен әйелдер арасында могул және параллель могул бойынша фристайлдан Әлем кубогының алдағы финалдық кезеңіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА
15.00-де облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында «Сыр өңірінің түркі халықтарының тарихы, мәдениетіндегі алар орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.