Қазақстанда 28 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 28 қараша күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 28 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Думан» қонақүйінде Израиль, Франция, Куба, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанның жетекші онкологтарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді.

09.00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша жиналыс өтеді.

9.00-де ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында BSI Британдық стандарттар институтының сарапшысы Ванесса Харрисонның қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға арналған іс-шара өтеді.

9.30-да «ParkInn» қонақүйінде «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенцияға және Қазақстанның міндеттемелеріне сәйкес, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатында «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтеді.

10.00-де «Wyndham Garden» қонақүйінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Акмади Сарбасовтың төрағалығымен ТМД-ға мүше мемлекеттердегі еңбек нормалары мәселелері бойынша халықаралық конференция өтеді.

10.00-де «Comfort Hotel Astana» қонақүйінде ҚР Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы «Сот шешімдерінің сапасын жақсарту шаралары, сот тәжірибесінің біркелкілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Hilton Astana қонақүйінде «Қазақстандағы BIG DATA: жаңа белестер» халықаралық конференциясы өтеді.

10.00-де Rixos қонақүйінде Еуропалық Одақтың Орталық Азияда заң үстемдігі, сауда және инвестициялық даму саласындағы үш жаңа аймақтық бағдарламасының ресми тұсаукесері өтеді.

10.00-де Достық үйінде Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтеді.

10.00-де «Көрме» орталығында «ДОМ-Строй-Экспо. SmartСity-2019» халықаралық көрмесі өтеді.

10.00-де «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөнгелек үстел өтеді.

10.00-де «Парасат» бизнес орталығында Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

10.00-де Паралимпиадалық жаттығу орталығында ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті конференциясының отырысы өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде жыл сайынғы республикалық Патриоттар Форумы өтеді.

11.00-де «Көрме» орталығында Халықаралық «Қазавтожол-Kaztraffic-2019» көрмесі өтеді.

15.00-де Назарабаев университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Jas Otan Саѕеѕ» жастар сессиясы өтеді.

15.00-де «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров азаматтарды қабылдайды.

15.15-те Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қоршаған ортаны қорғау проблемалары мен ҚР жаңа Экологиялық кодексінің жобасын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өтеді.

16.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты республикалық қайырымдылық форумы өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар орталығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Израиль Республикасының Елшілігі «Достық көпірлері» коцертін өткізеді.

21.50-де «Астана-Аренада» Астана-Манчестер Юнайтед футбол матчы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де «Rahat Palace Hotel» қонақүйінде IWPR Central Asia медиаұйымы мен өңірлік сараптамалық CABAR.asia платформасы «Сараптамалық РеФорум ОА: болашаққа бағдар» шарасын өткізеді.

9.30-да «Hilton Almaty» қонақүйінде отандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған XII MEDIA Құрылтайы өтеді.

10.00-де Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Ұлы даланың ұлы есімдері: жастарға патриоттық тәрбие беру контекстінде оқудың ғылыми, теориялық және практикалық аспектілері» атты VII Халықаралық жас ғалымдар мен тарихшылардың ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

10.00-де Қазақстан-Германия университетінде Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының Экофорумы дайындаған «Қазақстандағы балалар құқығы және қоршаған орта» баяндамасының жобасы талқыланады.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында қазақстандық ғалым, география ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әлия Бейсенованың «Қазақ елінің экологиялық ахуалы», «Қазақ елі – Мәңгілік Ел», «Kazakh yely – mangilik yel» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

15.00-де ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев ядролық қарусыз әлем үшін» тақырыбында Семей ядролық полигонының жабылуына арналған көрме ашылады.

17.00-де KASE баспасөз орталығында «Amanat» сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Ерғали Бегімбетов KASE Talks дәрісін өткізеді.