Қазақстанда 28 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 28 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

АСТАНА

Сағат 09.00-де Тәуелсіздік сарайында Астананың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде  Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының Азаматтық форумы өз жұмысын бастайды.

Сағат 09.00-де Ұлттық биотехнология орталығында «Ауыл шаруашылығындағы ғылым: кеше, бүгін және ертең» атты семинар-кеңес өтеді.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 10:00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен Агенттікте брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де «Көрме» орталығында «World of Trade 2018» Халықаралық Конвенті басталады. Конвент ТМД және ЕАЭО елдерінің әртүрлі ірі бөлшек желі мен тауар өндіруші компания басшыларының басын қосады.

Сағат 11.20-да Үкімет үйінде «Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы аясында көлік құраудың келешегі мен қазіргі жайы» атты баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 12.00-де ата-ана қарқорлығынсыз қалған балалардың І республикалық шығармашылық фестивалі өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық Коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін, Елорданың 20 жылдығына арналған қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турниріне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. 

Сағат 14.30-да Ғылыми кеңес залында басты трек - «Ұлы астаналар - ақылды қалалар» пленарлық отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы Музейінде Қазақстан елордасының 20 жылдығына орай Қазақстан мен Түркия жастарының қатысуымен «Ел ертеңі - жасампаз жастар» атты дөңгелек үстел өткізіледі.

15.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде «Еңбекті қорғаудағы профилактика мәдениетін бірге арттырамыз» аттыреспубликалық акциясының басталуына арналған брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Атамекен» алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

Сағат 15.30-да ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың І халықаралық фестиваліне арналған баспасөз-брифингі өтеді.

Сағат 16.00-де Ақордада шетелдегі кадрларды даярлау мәселесі бойынша республикалық комиссияның отырысы өтеді.

Сағат 16.00-де Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Францияның Ұлттық мұражайлар бірлестігі ұйымдастырған «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 17.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында «Бүгіннің баласы - болашақтың данасы» атты ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар шығармашылығының І республикалық фестивалі өткізіледі. 

Сағат 17.30-да байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанаты Казмедиа орталығында өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Риксос отелінде «Денсаулық сақтау, фармакология, инновациялық медициналық техникаларды бірлесе өндіру саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты кеңейту мен бекемдеу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де «Көктерек» Ғарыш байланысы орталығы» республикалық орталығы бес жылдығын атап өтеді.

Сағат 11.00-де Адам құқығы жөніндегі қазақстандық және халықаралық бюроның баспасөз орталығында Іле-Алатауының экологиялық ахуалы турасында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 14.00-де Қазақстандық қор биржасы (KASE) тұңғыш рет «Қаржы нарығында қалай саудаласу керек?» тақырыбындағы жеке инвесторлардың бағдарламасын іске қосады.

Сағат 15.00-де «Тұран» университетінде Болат Өтемұратов Қайырымдылық қоры мен ҚР ботаника және фитоинтродукция институты Алматы қаласындағы Ботаникалық бақтың концепциясы бойынша тыңдау өткізеді.

СЕМЕЙ

Сағат 11:00-де Педагогикалық колледжде «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» атты семинар-тренинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар