Қазақстанда 28 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 28 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 28 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Назарбаев орталығында робот техникасы бойынша «KazRoboProject-2019» атты республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалы басталады.

Сағат 10.00-де ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің медиа-орталығында «Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында екінші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сағатт 15.00-де «Ақорда» резиденциясында шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыстайды.

Сағат 15: 00-де Grand Park Esil қонақ үйінде «Еркіндік немесе қауіпсіздік» атты панелдік пікірталас өтеді.

Сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Сағат 16.30-да Қазмедиа орталығының ғимаратында «Үркер» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталады.

Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында жас дарын Ержан Максим жеке концерт береді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да «Алатау» балалар клиникалық санаторийінде «Халықаралық Фенилкетонурия күніне» арналған іс-шара өтеді.

Сағат 09.30-да Rixos Almaty қонақ үйінде Еуразиялық әйелдер бизнес-форумы басталады.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Алматы қаласында өтетін Disney «Жұлдыздар шеруі» ресми киноконцертіне арналған «Болашақ» корпоративтік қорының баспасөз мәслихаты өтеді.