Қазақстанда 28 шілдеде өтетін ең маңызды оқиғалар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 28 шілде күні Қазақстанда өтетін ең маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

Қазақстанда 28 шілдеде өтетін ең маңызды оқиғалар

АСТАНА

Таңғы 08.00-де триатлон-паркте «Астана-триатлон-2018» марафоны өтеді.

Күндізгі 15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің «Сібір миссиясы-2018» экспедициясының қатысушыларымен кездесуі ұйымдастырылады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

28 шілде мен 4 тамыз аралығында Қатон-Қарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында парапланер спорты бойынша Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтеді.