Қазақстанда 29 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 29 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 29 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен форум өтеді.

Сағат 10.00-де «Москва» бизнес-орталығында «Қазақстандағы медиация институтының қазіргі ахуалы мен даму келешегі» тақырыбында отырыс өтеді.

Сағат 10.00-де Сенатта АШМ, ИДМ, Энергетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері аграрлық мәселелерді талқылайды.

Сағат 10.00-де Қазақстандағы Бүкіләлемдік банктің төрағалығымен «Өнімділіктің стагнациясы жағдайындағы экономикалық диверсификация» тақырыбында баяндама жасалады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің Кеңестің он екінші отырысының қорытындылары бойынша брифингі өтеді.

Сағат 11.00-де Мәжілісте «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» атты кітап таныстырылады.

Сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Қазақстан әскери журналистикасы: қалыптасуы мен даму тенденциясы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 11.00 - де «QAZAQSTAN» Орталық Концерт залында Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылауға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай «Ұлы даланың жеті қыры: Қазақстан тарихына оң көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі, ақын, жазушы, публицист Ерғазы Рахимовтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді.

Сағат 11.00-де «Rixos President Astana Hotel» қонақүйінде Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті XI -ші халықаралық кездесуі өтеді.

Сағат 14.40-та Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктердің басшылары Astana Hub технопаркімен танысады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Орбұлақ шайқасына 375 жыл толуына орай «Бабалар ерлігі ізімен» атты тарихи - танымдық кездесу өтеді.

Сағат 15.00-де Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі басталады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және Шымкент қаласының аудандық аумақтық сайлау комиссияларын құру жөніндегі ұсынымдарды бекіту мәселелері бойынша отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де №5 қалалық кітапханасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру туралы қоғам белсенділерінің қатысуымен Астанада қоғамдық талқылау өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз орталығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Б.Қайырбековтың, режиссер А.Сатаевтың және режиссер-аниматор А.Әбілдиновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Аталған іс-шара 2018 жылдың қорытындысы мен Елбасының 05 қазанда жариялаған Жолдауы бойынша атқарылған шараларға арналады. Сонымен қатар, баспасөз конференциясында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы көтерілген тақырыптар енетін 2019 жылғы ұлттық фильмдерді өндіру жоспары да сөз етілетін болады.

Сағат 15.00-де қазақстандық дизайнерлердің FashionPar дүкенінде қазақстандық өндірушілермен ашық диалог басталады.

Сағат 15.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысының қатысуымен шетелде кадрларды даярлау бойынша республикалық комиссияның отырысы басталады.

Сағат 17.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша пікір алмасау мақсатында, Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай еліміздегі жоғары оқу орындарының белсенді студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік - тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты жастардың VІ патриоттық форумы өтеді.

Сағат 17.00-де «Астана Опера», «Шопениана» және «Шехеразада» бір бөлімді балеттерінің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Ritz Carlton Almaty қонақ үйінде жыл сайынғы «Almaty Invest» инвестициялық форумы басталады.

Сағат 10.00-де Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жас ғалымдардың халықаралық конференциясы болады.

Сағат 14.00-де Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №101 мектеп-гимназияның алдында «Ілияс Жансүгіровтың көшесі күні» шарасы өтеді.

Сағат 17.00-де Адам құқығы Халықаралық күні алдында Орталық Мемлекеттік музейінде World Press Photo 2018 көрмесі өтеді.

Сағат 17.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның түркі ұлттары» тақырыбында деректі фильмдер циклы көрсетіледі.

ШЫМКЕНТ

9:00-ден бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің 75 жылдығына байланысты бірқатар іс-шара өтеді. Салтанатты жиынға облыс әкімі қатысады деп күтілуде.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00 Щучье қаласындағы «Жақсы-2» спорт кешенінде Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы А.Қазымбетовтың құрметіне  еркін және әйелдер күресі бойынша дәстүрлі турнир өткізіледі. Турнирге Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан Республикаларынан палуандар қатысады.

Сағат 15.00-де Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Көкшетау, тілегіңді ұштым тілеп...» атты ақын, жазушы Қорғанбек Аманжоловпен кездесу кеші өткізіледі.